Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

WTA теннисші қыздардың рейтингін жаңартты: Путинцева төмен түсті

01.07.2024, 09:55

Қазақстандық теннисші қыздар Уимблдон турниріне дайындалып жатыр

WTA теннисші қыздардың рейтингін жаңартты: Путинцева төмен түсті
Қазақстан теннис федерациясы

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында өнер көрсететін теннисшілердің рейтингін жаңартты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина соңғы сәтсіздіктерге қарамастан өз позициясын жоғалтқан жоқ, ол тізімнің төртінші сатысында тұр. Ал, тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева бір саты төмендеп, 35-ші орынға жайғасты.

Рейтингтің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды. Бірінші орында – Ига Швентек (Польша), америкалық Кори Гауфф – екінші, беларусь Арина Соболенко үшінші орында.

Ал, жұптық сында өнер көрсететін Қазақстанның ең үздік теннисшісі Анна Данилина бір сатыға жоғарылап, 52-орынға тұрақтады. Алғашқы үштік өзгеріссіз: Элизе Мертенс (Бельгия), Хсие Су-Вэй (Қытайлық Тайбэй) және Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия).

Еске салайық, Елена Рыбакина соңғы екі жарысында да денсаулығына байланысты кортқа шықпай, турнирді орта жолдан үзді. Енді ол «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон-2024 турниріне қатысады. 2 шілдеде кортқа шығатын отандасымыздың қарсыласы – румын Елена-Габриэла Русе (#152). Ал, Юлия Путинцева неміс қызы Анжелика Кербермен (#221) өзара мықтыны анықтайды

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам