Бублик 32 эйс жасап, 23 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды
Қазақстандық теннисшінің рейтингіде 78-орында тұрған 18 жастағы чехиялық Якуб Меншикпен матчы тартысқа толы болды.
Бастапқы екі сетте Меншик шеберлік танытты – 6:4, 7:6 (7:2). Бұдан кейін ойын тізгінін қолына алған Бублик камбэк жасай алды – 6:4, 6:4, 6:2.
Үш сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 32 эйс жасап, 23 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Александр үшінші айналымға шығу үшін әлем рейтингіде 98-орындағы франциялық Артур Казомен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 57-сатыдағы Александр Шевченко да әлемнің 16-ракеткасы, франциялық Уго Умбермен бес сеттік матч өткізді. Үш сағат 17 минутқа созылған бұл кездесуде франциялық спортшының бағы жанды – 6:1, 4:6, 7:6 (7:2), 6:7 (3:7), 6:1.