Жаңа шығарылым! Қонақта Жасын Канбаев!

Сенсация! Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп кетті

06.07.2024, 22:23

Ол ешкім күтпеген сенсация жасады

Сенсация! Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп кетті
Sports.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің төртінші айналымына өтті.

Ол ешкім күтпеген сенсация жасады. Атап айтқанда, Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы, жақында ғана Франция ашық біріншілігінде топ жарған поляк қызы Ига Швентекті жеңді.

Бірінші сетте Швентек 6:3 есебімен басым түскенімен, одан кейін қазақстандықтың қарқынына төтеп бере алмады.

Екінші сетте екі брейк жасаған Путинцева 6:1 есебімен жеңді. Сосын үшінші кезеңді де (2:6) өз пайдасына шешті.

Бұған дейін жерлесіміз жұптық сында әлемдік рейтингіде көш бастап, Токио олимпиадасының чемпионы атанған Катерина Синякованың осал тұсын тапқан.

Енді ол 1/8 финалда әлемнің 13-ракеткасы, 2017 жылғы Ролан Гаррос жеңімпазы латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам