Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Уимблдонның төртінші айналымына шықты

07.07.2024, 00:19

1/8 финалда жерлесіміз ресейлік Анна Калинскаямен кортқа шығады

Елена Рыбакина Уимблдонның төртінші айналымына шықты
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (#4) Уимблдон турнирінің үшінші айналымында даниялық Каролина Возняцкиді (#91) екі сетте жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.

Матч небәрі 58 минутқа созылды. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші қарсыласын 6:0 есебімен жеңсе, екінші сетте Возняцки небәрі бір геймде өз мүмкіндігін пайдалана алды. Қорытынды есеп – 6:0, 6:1 – Рыбакинаның пайдасында.

1/8 финалда Елена Рыбакина ресейлік Анна Калинскаямен (#18) кортқа шығады. Ол бүгін өз жерлесі Людмила Самсонованы (#15) жеңді.

Айта кету керек, бұл күні Қазақстанның өзге теннисшісі Юлия Путинцева (#35) әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті (Польша) жеңіп, жарыс сенсациясын жасаған болатын. Ол енді 1/8 финалда латвиялық Елена Остапенкомен (#14) өзара мықтыны анықтайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам