Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Рыбакина Уимбилдон турнирінің ширек финалына жолдама алды

08.07.2024, 18:49

Алғашқы сетте Рыбакина 6:3 есебімен алға шықты

Рыбакина Уимбилдон турнирінің ширек финалына жолдама алды
Mike Hewitt/Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан Уимбилдон турнирінің ширек финалына шықты.

Ол 1/8 финалда бейтарап ту астында сынға түскен ресейлік теннисші Анна Калинскаямен шеберлік байқасқан болатын. Алайда әлемдік рейтингте 18-орында тұрған Калинская екінші сетте ойынды жалғастырудан бас тартты.

Алғашқы сетте Рыбакина 6:3 есебімен алға шықты. Ал екінші партиядан отандасымыз қатарынан екі рет брейк жасап, 3:0 есебімен басымдықты қолға алған еді. Нәтиже бойынша артта қалған Калинская 51-минутта ойынды жалғастыруға құлықты болмады.

Ширек финалға шыққан Елена Рыбакина енді украиналық Элина Свитолина мен қытайлық Синьюй Ван жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Рыбакина бұған дейін Дания теннисшісі Каролин Возняцкиді, германиялық Лаура Зигемундты ұтқан болатын. Әлемнің 4-ші ракеткасы аталған турнирдегі басты фавориттердің бірі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам