Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Ресейдің Киевтегі балалар ауруханасын атқылауы теннисші Элина Свитолинаға ауыр тиді

09.07.2024, 01:36

Путин әскерінің осынау әрекетін өркениетті елдерді басшылары қатаң сынға алды

Ресейдің Киевтегі балалар ауруханасын атқылауы теннисші Элина Свитолинаға ауыр тиді
WTA

8 шілдеде Ресей әскері Киевті зымырандармен жаппай атқылауы салдарынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты. Олардың арасында ауыр дертке шалдыққан балалар да болуы мүмкін. Өйткені, зымыранның бірі балаларды ауруханасына түсті.

Осынау жайт украиналық спортшыларға да ауыр тиді. Солардың бірі – Уимблдон турнирінде өнер көрсетіп жатқан теннисші Элина Свитолина. Ол бүгін кортқа қара лентамен шықты.

«Бүгін барлық украиндықтар үшін өте қайғылы күн. Мен үшін кортқа шығып ойнап шығу өте қиынға түсті. Жай ғана өз бөлмемде қалғым келген. Білесіз бе, ештеңе істегіңіз келмейтін қайғылы күндер болады. Мен үшін бүгін дәл осындай күн десем қателеспейтін шығармын. Украиндықтар күніге небір қайғыны бастан кешіріп жатырмыз. Бірақ бүгінгісі тіпті ауыр соқты. Қаншама бүлдіршіннің өмірі қиылып жатыр...», - деді Элина Свитолина.

Спортшы кортқа осы қайғылы жағдай үшін қара лента тағып шықты.

«Бүгін қара лента тағуыма келісім берді. Менің еліме осындай шабуыл жасалған соң, рұқсат етті деп ойлаймын», - деді теннисші.

Айта кетейік, Элина Свтолина 1/8 финалда қытайлық Синьюй Ванды екі сетте жеңді. Енді ол ширек финалда қазақстандық Елена Рыбакинамен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам