Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына шықты

10.07.2024, 19:23

Бұл Рыбакинаның Уимблдондағы 19-жеңісі

Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына шықты
ҚТФ

Әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты.

Ширек финалда жерлесіміз украиналық Элина Свитолинаны (#21) ұтты - 6:3, 6:2. Матч 1 сағат 2 минутқа созылды. Осылайша, өзара кездесулер бойынша Елена алға шықты - 3-2. Бұл Рыбакинаның Уимблдондағы 19-жеңісі.

Финал жолдамасына таласта Елена чехиялық Барбора Крейчиковамен кездеседі. Чех қызы әзірге WTA рейтингінде 32-орында тұр. Ол ширек финалда латвиялық Елена Остапенкодан басым түсті - 6:4, 7:6(4).

Тағы бір жартылай финалда әлемнің 37-ракеткасы хорватиялық Донна Векич пен Ролан Гаррос финалисі, әлемнің 7-ракеткасы италиялық Ясмине Паолини өзара кім мықтыны анықтайды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам