Бұл Карлос Алькарастың төртінші «Үлкен дулығасы»
Лондонда Уимблдон турнирінің ерлер арасындағы финалы мәресіне жетті. Ақтық сында испан теннисшісі Карлос Алькарас серб Новак Джоковичті үш сетте жеңіп, «Үлкен дулығаны» қанжығасына байлады.
Алғашқы екі сетте Алькарас 6:2, 6:2 есебімен ойсырата жеңді. Үшінші сетте Джокович жинақы ойнағанымен, тай-брейкте испан теннисшісінің мерейі үстем болды, есеп 7:6 (7:4).
Матч 2 сағат 26 минутқа созылды. Осы уақытта Алькарас 5 эйс, 6 дабл-фол жасаған және бес рет брейк-пойнт мүмкіндігін ұтымды пайдаланды. Ал, Джоковичте 8 эйс, 4 дабл-фол және бір ғана брейк-пойнт бар.
Фото: wimbledon
Қос теннисші бір-бірімен алты рет кездесіп, бүгінгі матчтан кейін есеп 3:3 болды.
Айта кету керек, Карлос Алькарас мансабында төртінші рет «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің жеңімпазы атанып отыр. Ол бған дейін US Open-2022, Уимблдон-2023, «Ролан Гаррос-2024» турнирлерінде үздік атанған.