Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Рыбакинаның Олимпиададан неге бас тартқаны белгілі болды

25.07.2024, 21:45

Елена Рыбакина – Қазақстанға Ресейден келген легионер

Рыбакинаның Олимпиададан неге бас тартқаны белгілі болды
WTA

Қазақстанның бюірінші ракеткасы Елена Рыбакина Олимпиада ойындарына денсаулығына байланысты қатыспайды. Ол бронхит ауруымен ауырып жатыр деп хаьбарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Рыбакинаның Олимпиадаға қатыспайтыны жарыс басталуға бір-ақ күн қалғанда ғана айтылды. Бұған дейін теннисшінің Парижге келмегені хабарланып, жанкүйерлер алаңдаушылық білдірген. Федерация болса бұған дәрігерлер тыйым салды дегеннен ары аса алмады.

«Қазіргі таңда Елена өткір бронхитпен ауырып жатыр. Дәрігерлер оған кортқа шығу былай тұрсын, жарыс болатын жерге ұшып баруына да тыйым салды. Рыбакина Олимпиадада жоғары нәтиже көрсету үшін қызу дайындық жұмыстарын жүргізген. Алайда, бұл жоспары орындалмады», - деп хабарлады Теннис федерациясы.

ҚТФ Рыбакинаның тезірек сауығып кетуін тілеп отырғанын да мәлімдеді. Ал, әлеуметтік желіде қазақстандық жанкүйерлер теннисшіні қатаң сынауда.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам