ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

«Ешкімге керек емес лицензия». Рыбакинаны ауыстырған теннисші де Олимпиададан бас тартты

26.07.2024, 15:30

Дарьяның орнын енді әлемнің 95-ракеткасы италиялық Сара Эрани басады

«Ешкімге керек емес лицензия». Рыбакинаны ауыстырған теннисші де Олимпиададан бас тартты
globallookpress.com

Әлемнің 77-ракеткасы австралиялық теннисші Дарья Сэвилл Париждегі Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Бұл туралы Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Дегенмен Сэвилл тек жекелей сындағы жарыстарға қатыспайды. Есесіне Эллен Переспен дуэтте ойындардың жүлдесіне таласады.

Дарьяның орнын енді әлемнің 95-ракеткасы италиялық Сара Эрани басады. Ол алғашқы айналымда WTA-да 7-нөмірде тұрған қытайлық Чжэн Циньвэньмен өзара кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, Сэвилл негізгі себетке қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Олимпиадаға қатыспайтыны белгілі болған соң өтті. 

Ойындардың ашылу салтанатына бір тәулік қалғанда еліміздің бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Париждегі аламанда бақ сынамайтыны белгілі болды. Спортшының өзі бұған бронхит себеп деп мәлімдеме жасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам