“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Олимпиадаға қатыспаған Рыбакина мен Путинцева АҚШ-тағы турнирде бақ сынайды

12.08.2024, 10:52

Бұған дейін Рыбакинаның жаттығуға кіріскені хабарланған болатын

Олимпиадаға қатыспаған Рыбакина мен Путинцева АҚШ-тағы турнирде бақ сынайды
instagram.com/lenarybakina/

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева 13 тамызда басталатын Цинциннатидегі WTA-1000 турниріне қатысатын болды.

Турнир кестесіне сәйкес, Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол Лейла Фернандес – Юэ Юань жұбының жеңімпазымен кортқа шығады. Айта кету керек, Фернандес 2021 жылғы US Open турнирінің финалына дейін жеткен.

Ал, Юлия Путинцева бірінші айналымнан-ақ жарыс жолына шығады. Әзірге оның қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Еске салайық, Париж Олимпиадасында Қазақстанның қос теннисшісі жарысқа қатысудан бас тартқан болатын. Рыбакина бронхит болғанын сылтауратса, Путинцева аяқ жарақаты сыр бергенін айтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам