Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан теннис федерациясы Путинцеваның Торонто турниріне қатыспайтынын мәлімдеді

06.08.2024, 14:19

Теннисші жарақатынан кейін әлі қалыпқа келіп үлгермеген сыңайлы

Қазақстан теннис федерациясы Путинцеваның Торонто турниріне қатыспайтынын мәлімдеді
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонтода (Канада) басталған турнирге қатыспайды деп мәлімдеді Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Париж Олимпиадасының басталуына бір күн қалғанда жарақатының сыр бергенін айтып, жарысқа қатысудан бас тартқан Путинцеваның Торонтода бақ сынайтыны бұған дейін хабарланған еді. Тіпті, оның қарсыласы да белгілі болған. Жарыс күнтізбесінде қазақстандық теннисшінің 7 тамызда (Астана уақытымен) украиналық Даяна Ястремскаямен кортқа шығатыны көрсетілген.

«Торонтода Путинцева өнер көрсетпейді. Ойыншы жарысқа қатысудан бас тартқанда турнир жүйесі оны бірден алып тастамайды. Оның ойнайтыны туралы ақпарат әлі біраз уақыт WTA сайтында және Sofascore, Resultina сынды платформаларда сақталуы мүмкін. Оларда бұл процесс осылай ұзаққа созылады», - делінген федерацияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанның қос теннисшісі Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина Олимпиада басталар алдында денсаулығына шағым айтып, жарысқа қатысудан бас тартты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам