Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Жағдайы қиын». Аты аңызға айналған әйгілі теннисші Елена Рыбакинаға қолдау білдірді

25.09.2024, 10:44

Бүгінге дейін Елена Рыбакина оннан астам турнирден бас тартты

«Жағдайы қиын». Аты аңызға айналған әйгілі теннисші Елена Рыбакинаға қолдау білдірді
championat.com

«Үлкен дулыға» турнирінің 18 дүркін жеңімпазы, бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы, АҚШ спортшысы Крис Эверт Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакинаға қолдау білдірді.

«Еленаға бар жақсылықты тілеймін және оның дені сау әрі бақытты болып оралады деген үміттемін...», - деп жазды Эверт Х әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, ресейлік спорт журналисі София Тартакова Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуковпен жұмысты неліктен тоқтатқанына болжам жасады. Сондай-ақ Рыбакинаның күйзелісте жүргенін атап өтті.

«Қазір оның жағдайы өте қиын. Психологиялық тұрғыда зардап шекті. Проблемалардан құтылуға тырысып бағуда. Рыбакинаның бапкері WTA-турында ресми түрде спорттан шеттетілгенін анықтауға тырыстым. Өйткені біз бұл туралы бірнеше ай бұрын талқылаған едік, оның үстінен шағым жазылып, жұмыстан шеттетілген деген әңгіме болған. Бұл ақпаратты ешкім ресми түрде растаған жоқ. Егер ол жақын арада жаңа шәкірт табатын болса, демек, спорттан кеткен жоқ. Бірақ Вуковтың айтуынша, спорттағы мансабына ешқандай шектеу қойылмаған. Алайда Ленаның онымен жұмысын тоқтатқандығы күтпеген жағдай болды. Бапкері АҚШ-қа келіп, жұмысын жалғастыруға дайын болған», — деді Тартакова YouTube-тағы «БОЛЬШЕ!» жобасының эфирінде.

Еске салайық, былтыр қазақстандық теннисші аталған турнирде жартылай финалға дейін жеткен болатын. Енді биыл сол кезде алған ұпайын қорғай алмайды. Яғни, WTA оның рейтингтік 390 ұпайын кері қайтарып алады.

Жыл басталғалы бері Елена Рыбакина оннан астам турнирден бас тартты. Олардың қатарында Олимпиада ойындары да бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам