Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Зарина Диас Бейжің турнирінде жүлдесіз қалды

26.09.2024, 16:00

Ол таиландтық Мананчая Савангкаевке 2:0 есебімен жол берді

Зарина Диас Бейжің турнирінде жүлдесіз қалды
vseprosport.ru

Қазақстан теннисшісі Зарина Диас Қытайда өтіп жатқан WTA турнирінің іріктеу кезеңінде есе жіберді.

Бейжің бәсекесінде отандасымыз таиландтық Мананчая Савангкаевке 2:0 есебімен жол берді. 1/64 финалда өнер көрсеткен Зарина Диас алғашқы сетте 2:6 нәтижесін тіркесе, кездесудің екінші кезеңінде 3:6 көрсеткішімен жеңіске жете алмады.

Ұзақ уақыт үзілістен кейін кортқа қайта оралған қазақстандық теннисші аталған турнирде Испания және Ұлыбритания спортшыларын ұтқан болатын.

Сондай-ақ, ол тамыз айының соңында АҚШ-тың ашық біріншілігінің іріктеу кезеңіне қатысып, алғашқы кездесуде әлемдік рейтингте 224 орында тұрған қытайлық Есинь Маға 2:0 есебімен ұтылды.

Айта кететін жайт, Зарина Диас қазіргі уақытта әйелдер арасында 571-ші орында тұр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам