Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Рафаэль Надаль карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді

10.10.2024, 14:56

Даңқты теннисші «Үлкен дулыға» турнирлерін 22 рет жеңіп алған

Рафаэль Надаль карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді
Getty Images

Испаниялық әйгілі теннисші Рафаэль Надаль спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Спортшы 2024 жылы қарашада өтетін Дэвис кубогынан соң тенниспен қош айтыспақ.

«Үлкен дулығаның» 22 дүркін чемпионы Надаль бұған дейін де карьерасын аяқтауына қатысты пікір білдірген. Ол «Ролан Гаррос» алдында бұл турнир өзінің карьерасындағы соңғысы болуы мүмкін екенін де алға тартқан болатын. 

Надаль – теннис тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. 38 жастағы испаниялық 209 апта бойы әлемнің бірінші ракеткасы болды, «Ролан Гарросты» 14 рет жеңген. Одан қалды, екі рет Олимпиада ойындарында топ жарды. Теннисші карьерасында жекелей сында 92 титул ұтып алған, соның ішінде 36-сы «Мастерс» сериясына тиесілі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам