Жаңа шоу! Чемпиондар лигасына "легендарный" болжамдар!

Елена Рыбакина тағы бір турнирде Қазақстан құрамасында ойнаудан бас тартты

22.10.2024, 10:51

Құрамаға Зарина Диас оралды

Елена Рыбакина тағы бір турнирде Қазақстан құрамасында ойнаудан бас тартты
ktf.kz

Әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты – "Билли Джин Кинг" кубогының ресми сайтында Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамаларының плей-офф кезеңіндегі матчына қатысты өтінімдерін жариялады. Бұл туралы sportarena.kz жазды.

Қазақстан құрамасының намысын қорғайтындар:

Юлия Путинцева (әлемнің 29-шы ракеткасы)

Жібек Құламбаева (311)

Зарина Дияс (379)

Анна Данилина (жұптық санатта әлемнің 23-ші ракеткасы)

Байқағанымыздай, әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы кезекті рет құрама атынан бақ сынамайды.

Оңтүстік Корея теннисшілері:

Да Ён Бак (324)

Со Хён Пак (374)

Ку Ён Ву (437)

Да Бин Ким (980)

Ойын 16-17 қараша күндері Астанада өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам