Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Шаршап қалдым»: Елена Рыбакина жеңілісінің себебін түсіндірді

05.11.2024, 09:51

Ол өзін жайсыз сезінгенін айтып отыр

«Шаршап қалдым»: Елена Рыбакина жеңілісінің себебін түсіндірді
Getty Images

WTA-ның қорытынды турнирінде бақ сынап, топтан шыға алмай қалған қазақстандық Елена Рыбакина (#5) соңғы матчтағы жеңілісінің себебін түсіндірді.

Эр-Риядта өтіп жатқан турнирде отандасымыз қатарынан екі ойында жеңіліп қалды. Алдымен италиялық Ясмин Паолиниден (#4) ұтылса, кеше Қытай қызы Чжэн Циньвэньге (#6) жол берді, есеп – 6:7, 6:3, 1:6.

«Бүгінгі матч өте ұзаққа созылды. Менде бірінші сетте ұтатын мүмкіндік болды, егер тай-брейкте қателеспей өз мүмкіндігімді пайдаланғанда әрі қарай жеңіл болатын еді. Үшінші сетте мүлдем шаршап қалдым, өзімді нашар сезіндім. Бірақ, жалпы алғанда мен үшін жақсы жарыс болды», - деді Рыбакина WTA-ұйымдастырған сұхбатта.

Үш матчтың екеуінде жеңіліп қалған қазақстандық теннисші плей-офф кезеңіне шыға алмайды. Оның соңғы ойыны 6 қарашада әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам