«Ордабасы» ойынды тағы сатты ма? ҚПЛ-де сауда қызды. Жаңа подкаст!

Елена Рыбакина қатарынан екінші матчта жеңіліп қалды

04.11.2024, 20:51

Олимпиада ойындарынан бері оның жолы болар емес

Елена Рыбакина қатарынан екінші матчта жеңіліп қалды
Getty Images

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) WTA-ның қорытынды турнирі өтіп жатыр. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина топтық кезеңде тағы да жеңілді. Бұл жолы ол үш сетте әлемнің жетінші ракеткасы – қытайлық Чжэн Циньвэньге есе жіберді. Қорытынды есеп - 6:7, 6:3, 1:6.

Өткен аптада отандасымыз италиялық Ясмин Паолиниден ұтылған болатын.

Топтық кезең аясында Елена Рыбакина енді Беларусь қызы Арина Соболенкомен (әлемдік рейтингте 1-орын) кездеседі.

Айта кетейік, Рыбакина тамыз айының соңынан бері кортқа шыққан жоқ. Естеріңізде болса, ол АҚШ Ашық біріншілігінде денсаулығына байланысты бірінші айналымнан соң-ақ жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын.

Жалпы, рыбакинаның Париж Олимпиадасында Қазақстан атынан ойнаудан бас тартқалы бері жолы болар емес.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам