Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте тағы да төмендеді

11.11.2024, 10:32

WTA турнирінде Рыбакина 4-ші орын алған болатын

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте тағы да төмендеді
USA Today Sports

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтардағы жаңартылған рейтингті жариялады. Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина, WTA маусымдық қорытынды турнирінде сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін, бесінші орыннан алтыншы орынға түсті.

Еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева 29-орында қалды.

Үздік үштікте өзгеріс болған жоқ: Арена Соболенко (Беларусь), Ига Швентек (Польша) және Кори Гауфф (АҚШ).

Қазақстанның ең үздік жұптық разрядтағы ойыншысы Анна Данилина да өз орнын сақтап, 22-орында қалды.

Жұптық разряд тізімінде бірінші екі орынды чех Катерина Синякова мен жаңа зеландиялық Эрин Рутлифф сақтап қалды. Канадалық Габриэла Дабровски үшінші орынға көтеріліп, украиналық Людмила Киченокты ығыстырды.

Еске сала кетейік, WTA турнирінде Рыбакина италиялық Жасмин Паолини мен қытайлық Циньвэнь Чжэннен жеңіліп, Арена Соболенконы жеңгенімен, плей-оффқа шыға алмай, «Күлгін топта» төртінші орынды иеленді.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам