ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Елена Рыбакина өзіне айтылған хейттерге қатысты ойын білдірді

15.11.2024, 15:06

Негізгі сын оның Париж олимпиадасына қатыса алмауынан басталған

Елена Рыбакина өзіне айтылған хейттерге қатысты ойын білдірді
globallookpress.com

Танымал спортшы, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Астанадағы белді турнир алдында тілшілермен тілдесті.

Айта кетейік, Қазақстанның әйелдер құрамасы 16-17 қараша аралығында Оңтүстік Кореямен кездеседі. Осы орайда тілшілер «Рыбакинаның Қазақстан атынан өнер көрсеткісі келмейді» деген айыпқа теннисшінің өзі қалай қарайтынын сұрады.

«Шыны керек, түрлі әңгіме көп. Бірақ қолдау көрсетіп жатқан адамдар да аз емес. Өкінішке қарай, бәріне үлгеру мүмкін емес. Өзімді жайсыз сезінсем, кортқа шығу туралы әңгіме де қозғалмайды. Қазір өзімді бабымдамын деп санаймын, бірақ толықтай емес. Сөйте тұра дәл қазір барымызды салып бақсақ, келесі кезеңге өтуге толық мүмкіндік бар деп ойлаймын», - деді спортшы.

Естеріңізде болса, Рыбакина қыркүйектегі турнирге қатыса алмады. Сауд Арабиясында өткен турнирде де алысқа шаба алған жоқ. Ал негізгі сын оның Париж олимпиадасына қатыса алмауынан басталды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам