Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Парижде ойнаудан бас тартқан Рыбакина Қазақстанға жеңіс сыйлады

16.11.2024, 18:38

Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты

Парижде ойнаудан бас тартқан Рыбакина Қазақстанға жеңіс сыйлады
Видеодан кадр

Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының плей-офф матчында Қазақстан – Корея матчында есеп 2:0-ге жетті.

Зарина Диастан кейін кортқа шыққан Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Сон Хен Пакты оңай жеңді.

Рыбакина екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен басым түсті. Ойын бір сағат 9 минутт аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты.

Қазақстан – Корея матчы ертең жалғасады. Елена Да Ен Бакпен, Зарина Сон Хен Пакпен ойнайды.

Ал жұптық матчта Анна Данилина/Жібек Құламбаева кореялық Ку Ен Ву/Дабин Киммен кездеседі.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Париж Олимпиадасында денсаулығына байланысты Қазақстан намысын қорғаудан бас тартқан еді. Содан кейін алғаш рет ұлттық құрама сапында ойнап жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам