Анна Данилина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) «Жыл дуэті» сыйлығына ұсынылды
Қазақстанның жұптық разрядтағы үздік теннисшісі Анна Данилина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) «Жыл дуэті» сыйлығына ұсынылды.
WTA маусым қорытындысы бойынша басты теннис марапаттарына үміткерлердің тізімін жариялады. Жылдың үздік жұбы атағына қазақстандық Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева таласады.
«WTA маусымындағы олар Пармада өткен WTA 125 турнирінде жеңімпаз атанып, одан кейін Баридағы WTA 125 турнирінде тағы бір титулды иеленді. Сондай-ақ Будапешттегі турнирдің финалистері болды және Гвадалахарадағы WTA 500 мен Хуахиндегі WTA 250 турнирлерінде жеңіске жетті. Маусымды Ухандағы WTA 1000 турниріндегі жеңісімен аяқтады. Хромачева жылды WTA рейтингіндегі мансабындағы ең үздік 17-орынды бірнеше апта бұрын иеленіп, 18-орында аяқтады. Данилина маусымды WTA рейтингіндегі 22-орынмен аяқтады, ол маусымды 54-орыннан бастаған еді», – деп хабарлайды WTA баспасөз қызметі.