Черчесовтың түбіне «қазақ тілі» жетті ме? Жаңа бапкерге – жаңа талап. Қазақты мазақ қылғандар туралы

Зарина Диас Қазақстан құрамасын алға шығарды

16.11.2024, 18:02

Енді  Елена Рыбакина Сон Хен Пакпен ойнайды

Зарина Диас Қазақстан құрамасын алға шығарды
ktf.kz

Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында басталған Кореямен плей-офф матчында Зарина Диас Қазақстанды алға шығарды.

Биыл 31-ге толған қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 383-орында болса, қарсыласы, 22 жастағы Да Ен Бак 314-сатыда еді.

Бірінші партияда кореялық теннисші 6:3 есебімен басым түсті.

Екіншісінде Зарина дәл сондай есеппен есе қайырды - 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Зарина тай-брейкте Бакқа еш мүмкіндік қалдырған жоқ - 7:6 (7:0).

Екі сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсекеде Зарина Дияс 13 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Да Ен Бактың еншісінде - 5 брейк (9 брейк-пойнт).

Осылайша, Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен алға шықты.

Бүгін сондай-ақ Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Сон Хен Пакпен ойнайды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам