Ол Қазақстан азаматтығын 2016 жылы алған
Қазақстан азаматтығын алған бұрынғы ресейлік теннисші Александр Бублик Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан турнирге қатысуда. Ол Sovsport.ru сайтына сұхбат беріп, туған жеріне деген сезімімен бөлісті.
«Петербург – менің туған жерім. Мен осында өстім, Гатчинада тудым. Бұл қалаға оралғанда мені әрдайым ерекше сезім кернейді. Әрдайым әуежайдан үйіме бара жатқанда қаланың келбетіне тамсанам және өмірімнің соңына дейін осылайша жақсы көріп өтем. Туған жеріме келіп, туған жанкүйерлерімнің алдында өнер көрсеткен сайын кортқа алғаш шығып тұрғандай әсерде боламын», - деді Бублик.
Еске салайық, Бублик Қазақстан азаматтығын 2016 жыл бұрын алған. Ол ATP сериясындағы төрт турнирдің жеңімпазы. 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысып, жеңіліп қалған. 2018 жылы Азия ойындарының финалына дейін жетіп сүрінді.
Қазір ол Санкт-Петербургте өтіп жатқан «Солтүстік Пальмира трофейі» турнирінде командалық жарысқа қатысып жатыр. Бірінші кездесуінде ол испан Роберто Баутисто-Агутамен кездесіп, жеңіліс тапты (2:5, 6:2, 2:4).