Былтыр оның табысы биылғыдан әлдеқайда көп болған
Қыздар теннисінен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина биылғы сәтсіздіктеріне қарамастан әлемдегі ең дәулетті 15 теннисшінің қатарына енді.
Ал, ең бай теннисші – америкалық Кори Гауфф. Ол әлемдік рейтингте үшінші тұр. Жылдық табысы 30,4 млн долларды құрайды. Оның ішінде 9,4 миллион доллар жүлде ретінде, ал 21 миллион доллар демеушілік келісім-шарттан түскен.
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко болса 17,7 миллион доллар табысымен үздік бестікті түйіндеп тұр. Елена Рыбакина 7,9 млн доллармен 14-ші орында тұр.
Айта кету керек, былтыр Рыбакинаның жылдық табысы 9,5 млн долларды құрап, ол аталған тізімнің 9-шы сатысында болған еді. Биыл ол денсаулығына байланысты онға жуық жарыста өнер көрсете алмады. Ал, соңғы жылды қорытындылу турнирінде ол екі рет жеңіліп, топтық кезеңнен шыға алмады.