Жаңажылдық шығарылым! Ерсін Ерік, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев

«Күмәнді шешім»: Рыбакинаның бұрынғы бапкерін қайтаруы көпшілікті таңғалдырды

03.01.2025, 23:16

Теннисшілердің айтуынша, Стефанов Вуков Еленаға кортта да, корт сыртында да психологиялық қысым көп жасаған

«Күмәнді шешім»: Рыбакинаның бұрынғы бапкерін қайтаруы көпшілікті таңғалдырды
Robert Prange/Getty Images

Ресейдің «Чемпионат» спорттық сайты қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның өз командасына Стефано Вуковты қайтаруын сынап мақала жазды.

«Елена Стефано Вуковпен серіктестікті қайта жаңартты. Бұл шешімді көпшілік түсіне бермеуі мүмкін.

Рыбакинаның бұл шешімі шынымен жұртты таңғалдырды. 

Вуков Еленаны 2019 жылғы ақпаннан 2024 жылғы тамызға дейін жаттықтырып, оны жақсы біледі, бірақ екеуі ұрыс-керіспен екі жаққа кетті.

Теннисші US Open алдында бапкерін қуып жібергенде, көпшілік Рыбакинаны қолдады. Себебі теннис қоғамы Вуков тым көп психологиялық қысым көрсетті деп санайды», - делінген мақалада.

Бұл тіпті кортта да көрініп қалатын, ол матч барысында да шәкіртіне талай рет дөрекі сөздер айтатын. Басылым бұған дәлел ретінде ресейлік журналист Софья Тартакованың сөздерін де алға тартады.

«Вуков теннисшіні психологиялық тұрғыда «жеп бітті». Амалсыз бұл іске оның ата-анасы араласты, себебі Елена өздігінен бұл шеңберден шыға алмайтын күйге жетті. Бір жағынан, ол 17 жасынан жұмыс істеп, мансабындағы басты жетістіктерін сол бапкермен байланыстырды. Дегенмен, ата-анасы жаттықтырушы алмастыруды талап етті, себебі қысым да, ауыр сөздер де көп айтылды», — деген еді Софья Тартакова қыркүйек айындағы «Больше!» телеарнасының эфирінде.

Жуырда ғана Рыбакина 2025 жылдан бастап Новак Джоковичпен жұмыс істеген Горан Иванишевич бапкері болатынын мәлімдеді. Соған қарамастан Вуковпен де байланысын үзген жоқ.

Басылым мәліметінше, Вуковтың оралуы — көпшілік түсіне бермейтін күмәнді шешім. Мұны алғаш болып сынап жазғандардың бірі – жұпта және аралас жұпта Үлкен дулыға турнирлерінің 22 дүркін чемпионы Пэм Шрайвер.

«Біздің спортқа да ойыншылар құрбан болатын манипуляцияларға қарсы шығатын кез жетті. Бұл өте ауыр жағдай және Елена үшін дұғада боламын», — деп жазды Шрайвер әлеуметтік желіде.

Сөз соңында автор Елена өзіне не ыңғайлы, соны таңдауға құқылы екенін алға тарта отырып, «бастысы – теннисші Вуковтың кесірінен тағы турнирлерге қатыса алмай қалмаса болғаны» деп сөзін қорытындылаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам