Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан теннисшілері United Cup-2025 финалына шыға алмады

04.01.2025, 10:16

Рыбакина мен Шевченко қазақстандықтардың үмітін ақтай алмады

Қазақстан теннисшілері United Cup-2025 финалына шыға алмады
Andy Cheung/Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина United Cup-2025 турнирінің жартылай финалында Польша теннисшісі Ига Швентекпен кездесіп, екі сетте жеңіліп қалды.

Бірінші сетте Рыбакина ойынды тай-брейкке дейін жеткізіп, тек шешуші геймдерде ұтылды. Ал, екінші сетте айтарлықтай қарсылық көрсете алмай, бірнеше қателікке жол берді. Қорытынды есеп – 6:7, 4:6.

Айта кетейік, бұған дейін кортқа шыққан Александр Шевченко Хуберт Хуркачтан жеңіліп қалған болатын (3:6, 2:6). Осылайша, Қазақстан құрамасы жарысты жартылай финалдан аяқтады.

Аустралияның Сидней және Перт қалаларында өтіп жатқан турнирдің жалпы жүлде қоры 11,17 млн доллар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам