Жаңажылдық шығарылым! Ерсін Ерік, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев

Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирінде қанша табыс табуы мүмкін

05.01.2025, 09:57

Биылғы чемпионатта Рыбакина жоғары нәтиже көрсетеді деген болжам бар

Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирінде қанша табыс табуы мүмкін
Andy Cheung/Getty Images

2025 жылдың 12 қаңтарында Мельбурн қаласында Australian Open теннисінен ашық чемпионат басталады. Турнирдің жеребесі 9 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 08:30-да өтеді. Турнир 26 қаңтарға дейін жалғасады.

Чемпионатқа әлемдік теннис элитасы қатысады, олардың арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы – WTA рейтингінде 6-орында тұрған Елена Рыбакина да бар. Елена жаңа маусымды United Cup турнирінде бастаған болатын. Қазақстан құрамасының жартылай финалға жетуі – ел тарихындағы ең жоғары нәтиже. Бұл жарыста Рыбакина төрт жекелей кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті, тек бір ойында ғана жеңіліс тапты.

Былтыр Australian Open турнирінде Елена Рыбакина екінші айналымда ресейлік теннисші Анна Блинкованың (77-орын) қарсыласы болды. Тартысты кездесуде Рыбакина 4:6, 6:4, 6:7 есебімен жеңіліп, жарыстан ерте шығып қалды.

Чемпионат ұйымдастырушыларының мәліметінше, жекелей сында жеңімпаз атанған ерлер мен әйелдер әрқайсысы 2,17 миллион АҚШ долларынан алады. Финалистерге 1,18 миллион доллар, ал жартылай финалға жеткен қатысушыларға 683 мың доллардан беріледі. Қалған кезеңдердегі жүлделер төмендегідей бөлінеді:

  • 1/4 финал – 413 мың доллар,
  • 1/8 финал – 261 мың доллар,
  • үшінші айналым – 180 мың доллар,
  • екінші айналым – 124 мың доллар,
  • бірінші айналым – 82 мың доллар.

Биылғы чемпионатта Елена Рыбакина жоғары нәтиже көрсетеді деген болжам бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам