Отандасымыз әлемдік рейтингте 244-ші орында тұр
Қазақстан теннисші Бейбіт Жұқаев Португалияда өтіп жатқан Оэйраш 3 турнирінде нидерландтық Мик Вельдхеермен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті.
Әлемдік рейтингте 244-ші орында тұрған отандасымыз алғашқы сетті 7:6 есебімен аяқтап, тай-брейкте 7:5 есімен алға шықты. Ал екінші сетте басымдық қолға алған отандасымыз 6:3 есебімен партияның түйіндеді.
24 жастағы отандық корт шеберінің қарсыласы енді анықталады.
Бұған дейін Жұқаев Оэйраш 2 турнирінде чилилік Матиас Сотоны, литвалық Эдас Бутливасты ұтқан еді. Алайда ол америкалық Александр Ковачевичке 2:0 есебімен жол берген еді.
Сондай-ақ, бүгін Аустралияның ашық біріншілігінде қазақстандық Елена Рыбакина АҚШ өкілі Мэдисон Кизге 1:2 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.