Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Аустралиядағы жеңілісіне төзе алмаған Рыбакина бапкерімен қош айтысты

21.01.2025, 11:47

Атақты бапкер Горан Иванишевич Новак Джоковичті 5 жыл жаттықтырған еді

Аустралиядағы жеңілісіне төзе алмаған Рыбакина бапкерімен қош айтысты
әлеуметтік желі

Әлемнің жетінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен Уимблдон-2001 чемпионы, хорват Горан Иванишевич бірлескен жаттығу жұмысын тоқтатты.

Бұл туралы Иванишевич өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Біздің сынақ мерзіміміз Australian Open турнирінен соң аяқталды. Еленаға және оның командасына алдағы уақытта сәттілік тілеймін», – деп жазды хорват маманы.

2024 жылы Рыбакина хорват маманы Стефан Вуковпен ынтымақтастықты тоқтатқанын хабарлаған болатын. Сол уақыттан бастап ол WTA маусымдық финалдық турниріне дейін жаттықтырушысыз қалды. Аталған турнирде оның жаттықтырушысы Горан Иванишевич болды.

Ал 2025 жылдың қаңтар айында Елена өз командасына Вуковты қайта қосты. Кейіннен Стефаноның WTA-да жұмыс істеуден шеттетілгені белгілі болды.

Айта кетейік, күні кеше Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына өте алмады. Отандасымыз америкалық теннисші Мэдисон Кизбен (№14) кездескен. Үш сетке созылған ойында Киз басымдық танытты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам