![Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бесінші орынға көтерілді](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/01/27/67971192f3be5092358482.jpeg)
Бұған дейін ол жетінші орынға дейін түсіп кеткен еді
Қазақстанның қос теннисшісі – Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева WTA рейтингіндегі жағдайын жақсартты. Australian Open турнирінен кейін жаңарған рейтингте Рыбакина – бесінші, Путинцева жиырмасыншы орынға тұрақтады.
Рейтингтің алғашқы үштігі өзгерген жоқ. Бірінші орында Арина Соболенко (Беларусь) – 8956 ұпай, екінші орында – Ига Швентек (Польша) – 8770 ұпай, үшінші орында Коко Гауфф (АҚШ) – 6538.
Бұған дейін Елена Рыбакина жетінші орынға дейін төмендеп кеткен болатын. Australian Open турнирінің 1/8 финалына дейін жетуі оған екі саты жоғарылауға мүмкіндік берді.
Ал, Юлия Путинцева болса 23-ші сатыдан көтеріліп, үздік 20 теннисшінің қатарына қосылып отыр. Бұл Путинцева үшін өз мансабындағы ең үздік көрсеткіш.
Еске салайық, Рыбакина Аустралия ашық біріншілігінде америкалық Мэдисон Кизден жеңіліп қалды, есеп – 1:2 (3:6, 6:1, 3:6). Ал, Путинцева болса ресейлік Дарья Касаткинаға есе жіберді – 5:7, 1:6.