![Елена Рыбакина байырғы қарсыласынан тағы жеңіліп қалды](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/07/67a652e130644506301175.jpg)
Аталған турнирдің жеңімпазына 164 000 доллар беріледі
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда швейцариялық Белинда Бенчичпен (әлемнің 157-ракеткасы) кездескен. Матч алдында Рыбакина фаворит саналғанымен, оның қарсыласы үш сеттің нәтижесінде жеңіске жетті, есеп – 6:3, 3:6, 4:6.
Финалда Бенчич америкалық Эшли Крюгермен кездеседі.
Еске салайық, былтыр Рыбакина алғаш рет осы Abu Dhabi Open турнирінде топ жарған болатын. Ол кезде отандасымыз финалда ресейлік Дарья Касаткинадан басым түскен. Бұл жолы жартылай финалдан аса алмады.
Биыл турнирдің жүлде қоры – 1 064 510 доллар. Жеңімпазға 164 000 доллар беріледі, сондай-ақ рейтингтік 500 ұпай қосылады.
Айта кету керек, Бенчич 2021 жылы Токио Олимпиадасының жартылай финалында Елена Рыбакинаны жеңіп кеткен еді. Екеуі өзара үш рет кездесіп, оның екеуінде швейцариялық теннисшінің мерейі үстем болған.