
Есесіне, Юлия Путинцева позициясын жақсартқан
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында өнер көрсететін теннисші қыздардың рейтингін жаңартты.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жуырда Абу-Дабидегі турнирде финалға шыға алмай қалған болатын. Ал, оның алдында Australian Open турнирінде де жарысты ерте аяқтаған. Бұл жеңілістер оның рейтингтегі жағдайына әсер етпей қоймады, отандасымыз бесінші орыннан жетіншіге дейін төмен құлдыраған.
Есесіне, Юлия Путинцева 21-ден 20-шы орынға қайта көтеріліп отыр. Жібек Құламбаева 320-дан 318-ші орынға Зарина Дияс 353-тен 336-ға жоғарылады.
Рейтингтің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалып отыр:
Ал, жұптық сында өнер көрсететін қазақстандық Анна Данилина 19-шы орнын сақтап қалды.