
Осы жайттан кейін ол күш алып, матчты жеңіп шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Марсельде өтіп жатқан ATP 250 турнирінде француз теннисшісі Ришар Гаскемен шеберлік байқасты.
Бірінші сетте 0:3 есебімен жеңіліп жатқан Бублик эмоцияға ерік беріп, ракеткасын жерге бірнеше рет ұрып сындырды. Мұнан кейін ол ракеткасын ауыстырып, керемет камбэк жасады, есеп – 6:4.
Екінші сетте де қазақстандық теннисші білгенінен жаңылмай 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 2:0.
Ал ойыннан кейін ол осы маусымда мансабын аяқтайтын Гаскеге құрмет көрсетті.
Екінші айналымда Александр Бублик турнирдің қазіргі чемпионы – француз теннисшісі Уго Хамбертке қарсы ойнайды.