
Турнирдің жүлде қоры – 3,6 млн доллар
Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирдің үшінші айналымында қазақстандық Елена Рыбакина (#7) испаниялық Паула Бадосаны (#10) жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Бірінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен алға шыққан. Алайда, испан теннисшісі есепті теңестіріп қана қоймай, кезеңді 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Екінші сет қос теннисші үшін де өте ауыр болды. Екеуі де екі-екіден брейк жасағанымен, бұл кезеңнің жеңімпазы тай-брейкте анықталды, яғни Рыбакинаның пайдасына шешілді.
Шешуші үшінші кезең де тай-брейкке ұласқанымен, Рыбакина бұл геймді қиындықсыз өз пайдасына шешті. Қорытынды есеп – 4:6, 7:6 (10:8), 7:6 (7:2).
Енді отандасымыз ширек финалда америкалық София Кенинмен (#56) өзара мықтыны анықтайды. Ол бүгін әлемнің төртінші ракеткасы – италиялық Ясмин Паолиниді оңай жеңді – 6:4, 6:0.