Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турнирінде ойсырай жеңілді

08.03.2025, 04:36

Жарысты Қазақстаннан тек Елена Рыбакина жалғастыруда

Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турнирінде ойсырай жеңілді
Getty Images

Теннистен дәстүрлі Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде қазақстандық Юлия Путинцева (#20) бірінші кездесуінде жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.

Отандасымыз турнирді екінші айналымнан бастаған болатын. Ол чех теннисшісі Катерина Синяковамен (#59) кортқа шығып, 2:6, 2:6 есебімен ойсырай жеңілді. Десе де, матч алдында букмекерлер Путинцеваны айқын фаворит деп көрсеткен еді.

Енді үшінші айналымда Синякова отандасы Каролина Муховамен (#15)  кездеседі. Ал, жарысты ерте аяқтаған Путинцева болса үйіне қайтады.

Еске салайық, бұл күні еліміздің бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина да алғашқы кездесуін өткізіп, сенімді жеңіске жеткен болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам