Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады

08.03.2025, 04:26

Жарыстың жүлде қоры 9 млн долларды құрайды

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады
Getty Images

Қазақстанның бірінгі ракеткасы Елена Рыбакина (#7) Индиан Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады.

Отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастаған және нидерландтық Сюзан Ламенспен (#64) кездесті. Матчтың басты фавориті саналған Рыбакина қарсыласын еш қиындықсыз 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші британдық Кэти Бултермен (#38) кортқа шығады. Ол бүгін румын теннисшісі Ирина Бегуді 6:7, 6:3, 6:0 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Индиан-Уэллс турнирінің жүлде қоры 9 миллион долларға жуықтайды. Жеңімпаз теннисші ақшалай сыйлықтан бөлек рейтингтік 1000 ұпайға ие болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам