9 миллион доллар: Елена Рыбакина беделді турнирдегі алғашқы қарсыласын білді

17.03.2025, 15:06

Қазақстанның намысын Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева қорғайды

9 миллион доллар: Елена Рыбакина беделді турнирдегі алғашқы қарсыласын білді
© Abbie Parr/Getty Images Sport/Getty Images

АҚШ-тың Майами қаласында өтетін WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды. Бұл жарыста Қазақстанның намысын Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева қорғайды. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Екі спортшы да бәсекені екінші айналымнан бастайды. Әлемнің сегізінші ракеткасы Рыбакинаның алғашқы қарсыласы мексикалық Рената Сарасуа (WTA рейтингісінде 71-орын) мен америкалық Эшлин Крюгер (40-орын) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

Ал әлемдік рейтингте 24-орында тұрған Путинцева үшін алғашқы қарсылас америкалық Энн Ли (61-орын) немесе іріктеуден өткен теннисшілердің бірі болмақ.

Майами турнирі 18-30 наурыз аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 9 миллион долларға жуықтайды. Өткен жылғы чемпион атағы америкалық Даниэль Коллинзге тиесілі. Ол финалда Рыбакинаны жеңген болатын.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам