
Екі сет те тай-брейкпен аяқталды
АҚШ-тың Финикс қаласында өткен челленджер санатындағы ATP 175 турнирінің финалына шыққан қазақстандық теннисші Александр Бублик чемпион атана алмады.
Ақтық сында отандасымыз бразилиялық Жоао Фонсекомен кортқа шыққан. Матч 6:7(5), 6:7(0) есебімен Фонсеконың жеңісімен аяқталды.
Кездесу 1 сағат 46 минутқа жалғасты. Екі сетте Бублик 15 рет эйс жасап, 10 рет дабл-фолға жол берген. Ал, қарсыласы 8 эйс және 2 дабл-фол жасады.
Осылайша бразилиялық Жоао Фонсеко өз мансабында үшінші трофейіне қол жеткізді.