«Еленаны әлемнің үздік теннисшісі деп санайтынмын»: Рыбакинаның бұрынғы бапкері жағдайды түсіндірді

26.03.2025, 11:25

Горан Иванишевич Рыбакинаның командасынан не үшін кеткенін айтты

«Еленаны әлемнің үздік теннисшісі деп санайтынмын»: Рыбакинаның бұрынғы бапкері жағдайды түсіндірді
Champinat.com

Танымал хорватиялық бапкер Горан Иванишевич қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның командасынан неліктен кеткенін түсіндірді. 

Горан Иванишевич Arena Sport порталына берген сұхбатында еліміздің үздік ракеткасымен жұмысты тоқтатуға ол бақылай алмайтын, яғни корттан тыс жердегі әрекеттер себеп болғанын айтқан.

Хорватиялық маманның сөзінше, ол бұл оқиғаның бір бөлшегіне айналуды қаламаған.

«Рыбакинамен жолдарымыз біртүрлі жағдайда бөлек кетті. Бұл туралы тәптіштеп айтып отырмай-ақ қояйын. Себебі ол көңілсіз әрі түсініксіз оқиға. Мен оның бапкері атанғанға дейін Еленаны әлемнің үздік теннисшісі деп санайтынмын. Оның теннисі өте әдемі, сөйте тұра өте қарапайым, маған сонысы да ұнайтын. 

Өкінішке қарай, корттан тыс жерде мен бақылай алмайтын және бөлшегіне айналғым келмейтін жағдайлар болып жатты. Сондықтан кеткенім дұрыс деген шешімге келдім. Мансабында бәрі жақсы болсын деп тілеймін», - деді Горан Иванишевич.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам