
Ол тек мамыр айында кортқа оралады
Әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Янник Синнер 2024 жылғы көктемде допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін өзіне салынған санкцияларға қатысты пікір білдірді.
Әлемдік рейтинг көшбасшысы үш айға жарыстардан шеттетілді. Ол кортқа енді тек мамырда – Римде өтетін «Мастерске» оралады.
«Шеттетілуді қалай қабылдайтынымды білгіңіз келе ме? Өзімді өте жайлы сезінемін. Реттеу туралы шешім тез арада қабылданды, сөйте тұра мен онымен келіспеймін. Себебі шешім әділетті болған жоқ. Бірақ бұдан да жаман болуы мүмкін еді.
Шешім қабылданған соң өз-өзіме келу үшін біраз уақыт қажет болды. Бұған қатысы жоқ тағы бір мәселелер туындады. Олар да оңай соқпады. Болған істі түсіну үшін маған әлі де уақыт керек. Дегенмен, Римде кортқа оралатын кезеңді асыға күтемін. Бұл оңай болмасы анық, себебі біз ерекше назарда болатынымызды түсінемін», — деді Синнер Sky Sports-қа берген сұхбатында.
23 жастағы Синнер 2024 жылғы «Ролан Гарростан» соң әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Осы уақыт аралығында ол US Open-2024, Australian Open-2025 және тағы басқа турнирлерде топ жарды.