Финалда ол Арина Соболенкомен қайта кездесуі мүмкін
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустарлияда өтіп жатқан Брисбен WTA 500 турнирінің финалына шықты.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 40-орында тұрған Линда Носковамен (Чехия) кортқа шыққан. Матч 6:3, 6:2 есебімен Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 5 минутқа созылды.
Екі теннисші өзара 3 рет кездесіп, бәрінде Елена Рыбакина жеңіске жетіп отыр.
Финалда жерлесіміз Арина Соболенко — Виктория Азаренко жұбының жеңімпазымен кездеседі.