Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Брисбен турнирінің жеңімпазы атанды

07.01.2024, 11:54

Бұл оның биылдыққа алғашқы трофейі

Елена Рыбакина Брисбен турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстан теннис федерациясы

Аустралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 - Brisbane International турнирінде қазақстандық Елена Рыбакина жеңімпаз атанды.

Финалда жерлесіміз әлемдік рейтингтің екінші сатысында тұрған белорус қызы Арина Соболенкомен ойнап, 6:0, 6:3 есебімен оңай жеңді. Матч 1 сағат 10 минутқа созылды.

Осы жеңісінен кейін қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте төртінші орыннан үшіншіге көтеріледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам