Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Брисбендегі турнирде жеңіске жеткені үшін 220 мың доллар алады

07.01.2024, 12:18

Осы жеңістен кейін Елена Рыбакина WTA рейтингінде төртінші орыннан үшіншіге көтеріледі

Елена Рыбакина Брисбендегі турнирде жеңіске жеткені үшін 220 мың доллар алады
Фото ашық дереккөзден

Аустралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 - Brisbane International турнирінде жеңімпаз атанған Елена Рыбакинаға 220 мың доллар сыйақы беріледі.

Айта кетейік, бүгін аяқталған жылдың алғашқы жарысы қазақстандық теннисші үшін жеңіспен аяқталды. Финалға дейін сүрінбей жеткен Рыбакина ақтық сында әлемнің екінші ракеткасы – белорус Арина Соболенкомен кездескен болатын. 1 сағат 10 минутқа созылған матчта 6:0, 6:3 есебі тіркелді.

Енді Рыбакина 220 мың АҚШ долларын алса, екінші орын иеленген Соболенкоға 135 мың доллар беріледі.

Айта кету керек, осы жеңістен кейін Елена Рыбакина WTA рейтингінде төртінші орыннан үшіншіге көтеріледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам