
Теннисші екеуінің жаттығуынан үзінді салған
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орында) физикалық даярлық бойынша жаңа бапкер Альдо Кьяримен жұмыс істейді.
«Командаға қош келдің!» — деп жазды Рыбакина өзінің Instagram-дағы сторисінде.
Теннисші екеуінің жаттығуынан үзінді салған.
Елена Рыбакинаның нәтижелеріне келсек, ол Штутгарттағы турнирде (Германия) чемпиондық атағын қорғаудан бас тартып, Қазақстан құрамасы сапында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне қатысты. Нәтижесінде Рыбакина австралиялық теннисші Кимберли Бирреллді (62-орын) — 6:3, 7:6 есебімен, ал колумбиялық Юлиана Лисарасоны (680-орын) — 6:1, 6:2 есебімен ұтты.
Ал Кьяри постурология (адам денесінің кеңістіктегі тепе-теңдігін сақтау тәсілдері мен механизмдерін зерттейтін медицина саласы) және биомеханика (адам қозғалысын зерттейтін ғылым) салаларына маманданған. Бұған дейін Альдо сербиялық теннисші Новак Джоковичтің бапкерлік құрамымен жұмыс істеген, сондай-ақ қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы — италиялық Янник Синнердің командасында болған.