
Отандасымыз Мадрид ITF W100 турнирінде 4 кездесу өткізді
Қазақстан теннисшісі Жібек Құламбаева Испанияда аяқталған Мадрид ITF W100 турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды. Отандасымыз Италия теннисшісі, әлемдік рейтингте 258-ші орында тұрған Николь Фосса-Уэргомен бірге өнер көрсеткен болатын.
Жарыстың 3-ракеткасы ретінде тіркелген Құламбаева мен Николь Фосса-Уэрго жұбы шешуші ойында Испания теннисшілері Марина Бассольс-Андреа Лазаро Гарсияны 2:1 нәтижесімен жеңді.
Ойынның алғашқы сетінде жерлесіміз 6:7 есебімен алға шықса, екінші кезеңде испаниялықтар 7:6 нәтижесін тіркеді. Ал үшінші сет - супер тай-брейкте 10:4 есебімен кездесуге нүкте қойды.
Жібек Құламбаева Мадрид ITF W100 турнирінде 4 кездесу өткізді. Оның үш ойынында 2:0 есебімен басымдық танытты.
Қазақстандық теннисші соңғы рет жекелей сында 2 сәуір күні Анталья турнирінде германиялық Мона Бартельмен кездесіп, есе жіберген еді. Ал іріктеу квалификациялық ойында Алевтина Ибрагимова пен қытайлық Ушуан Чженнен басым түсті.