Елена Рыбакина рейтингте үздік ондықтан шығып қалды

21.04.2025, 23:54

Ол осы жеңілістер сериясын жалғастыра берсе келер жылы жиырмалықтан да шығып қалуы мүмкін

Елена Рыбакина рейтингте үздік ондықтан шығып қалды
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде тағы да бір сатыға төмендеді. Бұған дейін ол үздік ондықты түйіндеп тұрса, енді 11-сатыға сырғыды.

Еске салайық, былтыр жыл басында Рыбакина WTA рейтингінде ТОП-5 сапында болған. Алайда, денсаулығына байланысты көптеген турнирді жіберіп алып, бір жыл ішінде ондыққа да іліне алмай отыр.

Ал, рейтингтің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалып отыр.

  1. Арина Соболенко (Беларусь)
  2. Ига Швёнтек (Польша)
  3. Джессика Пегула (АҚШ)
  4. Кори Гауфф (АҚШ)
  5. Мэдисон Киз (АҚШ)
  6. Ясмин Паолини (Италия)
  7. Мирра Андреева (Ресей)
  8. Чжэн Циньвэнь (Қытай)
  9. Паула Бадоса (Испания)
  10. Эмма Наварро (АҚШ)
  11. Елена Рыбакина (Қазақстан)

Рыбакинадан өзге қазақстандық теннисшілердің қазіргі рейтингі мынадай: 

  • Юлия Путинцева – 24-орын
  • Жібек Құламбаева – 314-орын
  • Зарина Диас – 326-орын
  • Анна Данилина – 896-орын

Енді Елена Рыбакина өз позициясын қайта қалпына келтіру үшін маңызды турнирлерде жоғары нәтиже көрсету қажет. Әйтпесе алдағы уақытта жиырмалықтан да түсіп кетуі мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам