Александр Бублик Мадридтегі «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады

24.04.2025, 16:03

Отандасымыз АҚШ өкілі Алекс Микельсонмен кездесті

Александр Бублик Мадридтегі «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады
ҰОК

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан  «Мастерс» турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде ол АҚШ өкілі Алекс Микельсонмен кездесті.

Екі сетке созылған матчта Қазақстандық спортшы 7:6, 7:6 есебімен жеңді.

Келесі айналымда Бублик Аустралия теннисшісі Алексей Попыринмен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам