
Рыбакина 2023 жылы Римдегі турнирдің жеңімпазы атанған
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орында) 5 мамырда басталатын Италияның Рим қаласындағы турнирге қатысады.
Бұл турнирдің жеңімпазы 877 390 еуро және 1000 рейтингтік ұпайға ие болады. Финалға шыққан спортшы 456 735 еуро мен 650 ұпай алады. Бұдан әрі жүлде қоры мен ұпайлар келесідей бөлінеді: жартылай финал — 240 380 еуро және 390 ұпай, ширек финал — 124 700 еуро және 215 ұпай, 1/8 финал — 66 110 еуро және 120 ұпай, үшінші айналым — 38 313 еуро және 65 ұпай, екінші айналым — 21 215 еуро және 35 ұпай, бірінші айналым — 13 150 еуро және 10 ұпай.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина 2023 жылы Римдегі турнирдің жеңімпазы атанған болатын. Алайда, 2024 жылы денсаулығына байланысты өз титулын қорғауға қатыса алмады.