Зарина Диас теннистен Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты

08.05.2025, 15:21

Отандасымыз жапондық Рика Кикавададан басым түсті

Зарина Диас теннистен Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты
ҰОК

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Зарина Диас Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.

Турнирдің екінші айналымында ол жапондық Рика Кикавададан басым түсті. Кездесу екі сетке ғана созылып, Зарина 6:0, 6:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ширек финалда қазақстандық теннисші Аустралия өкілі Лизетт Кабрерамен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам